Лондондық «Арсенал» Чемпиондар лигасының биылғы маусымында 1/8 финалға жолдама алған алғашқы клуб атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жалпы кезеңнің 7-туры аясында Микель Артетаның шәкірттері сырт алаңда миландық «Интерді» 3:1 есебімен жеңді.
Осылайша «зеңбірекшілер» жалпы кезеңдегі жеті матчтың барлығында жеңіске жетіп, 21 ұпай жинады және мерзімінен бұрын топ-8 қатарына өтіп отыр.
Қазіргі таңда «Арсенал» мен 1/16 финал аймағының (9-орыннан 24-орынға дейін) арасын тоғыз ұпай бөліп тұр. Ал турнирдің барлық қатысушыларына жалпы кезеңде бір немесе екі матч өткізу керек.
8-турда «Арсенал» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдайды. Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының плей-оффына шығу мүмкіндігінен айырылған. Кездесу 28 қаңтар күні Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді.
Қазіргі таңда бір ғана ұпай жинаған «Қайрат» турнир кестесінде соңғы, 36-орында тұр. Айта кетейік, алматылық клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысып отыр.