1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
21 қаңтар 12:41
 

Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өткен алғашқы команда белгілі

  Пікірлер

blog.share

Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өткен алғашқы команда белгілі ©Instagram/arsenal

Лондондық «Арсенал» Чемпиондар лигасының биылғы маусымында 1/8 финалға жолдама алған алғашқы клуб атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Лондондық «Арсенал» Чемпиондар лигасының биылғы маусымында 1/8 финалға жолдама алған алғашқы клуб атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалпы кезеңнің 7-туры аясында Микель Артетаның шәкірттері сырт алаңда миландық «Интерді» 3:1 есебімен жеңді.

Осылайша «зеңбірекшілер» жалпы кезеңдегі жеті матчтың барлығында жеңіске жетіп, 21 ұпай жинады және мерзімінен бұрын топ-8 қатарына өтіп отыр.

Қазіргі таңда «Арсенал» мен 1/16 финал аймағының (9-орыннан 24-орынға дейін) арасын тоғыз ұпай бөліп тұр. Ал турнирдің барлық қатысушыларына жалпы кезеңде бір немесе екі матч өткізу керек.


8-турда «Арсенал» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдайды. Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының плей-оффына шығу мүмкіндігінен айырылған. Кездесу 28 қаңтар күні Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді.

Қазіргі таңда бір ғана ұпай жинаған «Қайрат» турнир кестесінде соңғы, 36-орында тұр. Айта кетейік, алматылық клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!