1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 18:30
 

Чемпиондар лигасындағы үздік гол таңдалды

  Пікірлер

blog.share

Чемпиондар лигасындағы үздік гол таңдалды ©depositphotos.com

УЕФА 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасы маусымындағы үздік голдың авторын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

УЕФА 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасы маусымындағы үздік голдың авторын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл атаққа мадридтік "Реалдың" уругвайлық жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде ие болды.

Вальверденің голы үздік деп танылды

Ұйымның баспасөз қызметінің мәліметінше, ең үздік гол ретінде Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Манчестер Ситиге" қарсы қарымта кездесуде соғылған Вальверденің үшінші добы таңдалған.

Сол ойында мадридтік клуб ағылшын командасын 3:0 есебімен сұтты. Кездесудің басты қаһарманы Федерико Вальверде болып, хет-трик авторы атанған еді. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы үшінші гол турнирдегі ең әсерлі әрі ең әдемі гол болды.

Осылайша, Федерико Вальверде Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы үздік голдың авторы атанып, көптеген танымал футболшыларды басып озды. \

2025/26 жылғы Чемпиондар лигасы маусымындағы үздік 10 гол:

Федерико Вальверде ("Реал" Мадрид – "Манчестер Сити" 3:0, үшінші гол);
Мики ван де Вен ("Тоттенхэм" – "Копенгаген" 4:0);
Луис Диас (ПСЖ – "Бавария" 5:4);
Хвича Кварацхелия (ПСЖ – "Аталанта" 4:0);
Харри Кейн ("Бавария" – "Аталанта" 4:1, екінші гол);
Ламин Ямаль ("Брюгге" – "Барселона" 3:3);
Витинья (ПСЖ – "Тоттенхэм" 5:3, алғашқы гол);
Анатолий Трубин ("Бенфика" – "Реал" Мадрид 4:2);
Влад Драгомир ("Пафос" – "Славия Прага" 4:1);
Нони Мадуэке ("Брюгге" – "Арсенал" 0:3, алғашқы гол). 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!