"Футбол на Куличках" сайты Братиславаның "Слованы" мен алматылық "Қайрат" арасындағы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесудің үздік ойыншысын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші матчта "Қайрат" жеңіске жеткен еді – 1:0. Қарымтада жеңімпаз пенальти сериясында анықталды, онда алматылық команда 4:3 есебімен басым түсті.
"Матчтың үздік ойыншысы – Роберт Мак.
Алаң иелері келесі кезеңге өте алмағанымен, Макты ерекше атап өту керек. Бұрын "Зенитте" ойнаған шабуылшы Алматыдағы ойында алаңға бекер шықпағанын Владимир Вайссқа дәлелдеді. Бұл жолы Роберт бірінші таймда "Қайрат" қақпашысы Заруцкийге еш мүмкіндік қалдырмай гол соғып, словактарға үміт сыйлады. Сонымен қатар, ол матчтың негізгі уақытында команданы алға шығаруға да жақын болды, алайда оның соққысы қақпа бағанынасынан қайтты", - деп жазады ФНК.
Осылайша, "Қайрат" өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ойнайтын болды. Қарсылас - Шотландияның "Селтик" командасы. Алғашқы ойын 20 тамыз күні Глазгода, ал қарымта кездесу 26 тамызда Алматыда өтеді.