Норвегиялық "Буде-Глимт" миландық "Интер" клубын сенсациялық түрде УЕФА Чемпиондар лигасынан шығарып тастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Миланда өткен қарымта матчте қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Норвегиялық клуб сапында голдарды Йенс-Петтер Хёуге (58-минут) пен Хокон Эвьен (72-минут) соқты. Алаң иелері бұл голдарға Алессандро Бастонинің 77-минуттағы дәл соққысымен жауап қайырды.
Қос ойынның қорытындысы бойынша "Буде-Глимт" 5:2 есебімен басым түсіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.
Stata Football дерегіне сүйенсек, Йенс-Петтер Хёуге осы маусымда Чемпиондар лигасында "Буде-Глимт" сапында алты гол соғып, норвегиялық клуб үшін бір маусымдағы Еуропа чемпиондар кубогы/Чемпиондар лигасындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Ол бұл турнирде Тоттенхэмге (екі рет), "Боруссия", "Манчестер Ситиге" және "Интерге" (екі рет) гол соқты.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде 9-24 орын алған командалар 1/8 финалға шығу үшін шешуші матчтарына қатысады.