Бүгін, 8 шілдеде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің бірінші айналымы аясында Словенияның "Олимпия" командасы мен алматылық "Қайрат" клубы арасында матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алғашқы кездесу Словения астанасы Любляна қаласында өтеді және қазақстандық уақыт бойынша 22:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясын Q League телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, қарымта кездесу 15 шілде күні Алматыда өтеді.