Чемпиондар лигасындағы "Манчестер Сити" мен "Реал" кездесуінің тікелей трансляциясы

©isport.ua

Бүгін, 26 сәуірден 27 сәуірге ауысқан түні Чемпиондар лигасы 1/2 финалының бірінші кездесуі өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бірінші жартылай финалда ағылшындық "Манчестер Сити" командасы өз алаңында мадридтік "Реалды" қабылдайды. Бұл кездесуді тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады. Кездесуді мына сілтеме бойынша телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады. 

Ал ертең, 27 сәуірден 28 сәуірге ауысқан түні ағылшындық "Ливерпуль" өз алаңында испаниялық "Вильяреалмен" ойнайды. Жартылай финалдың жауапты кездесулері 3-4 мамырда болады. Ал финал 28 мамыр күні Париж қаласындағы "Стад де Франс" стадионында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар