Футбол
22 шілде 09:40

Чемпиондар лигасындағы КуПС - "Қайрат" матчіне тікелей трансляция

©"Қайрат" ФК

Бүгін, 22 шілдеде алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында финляндиялық КуПС командасымен сырт алаңда ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесудің маңызы - тек келесі іріктеу кезеңіне шығу ғана емес, сонымен қатар, Конференция лигасының топтық кезеңіне қатысу кепілдігі де тұр. Егер ары қарай турнирден шығып қалса да, КуПС – "Қайрат" текетіресінің жеңімпазы кепілді түрде еурокубоктық күзге қатысады.

Екі команда да іріктеудің алғашқы кезеңінен сәтті өтті. Финляндиялық клуб молдовалық "Милсамиден" мықтырақ болып шықты: өз алаңында 1:0 есебімен ұтып, сырт алаңда 0:0 есебімен тең ойнады. Ал "Қайрат" словениялық "Олимпиямен" сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсіп, Алматыда сенімді түрде 2:0 есебімен жеңіске жетті.

КуПС пен "Қайрат" арасындағы алғашқы кездесу Финляндияның Куопио қаласында өтеді және ол Қазақстан уақыты бойынша 20:00-де басталады. Матчтың тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасы ұсынады.

Қарымта ойын 29 шілде күні Алматыда өтеді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport