Чемпиондар лигасындағы "Қайратпен" ойын алдында "Маккаби" екі футболшыдан айырылды

Сурет: "Маккаби" ФК,

Израильдік "Маккаби" (Хайфа қаласынан) Чемпиондар лигасы іріктеуінің бірінші раундындағы алматылық "Қайратқа" қарсы ойында екі футболшының көмегіне жүгіне алмайды, деп хабарлайды Sport5.co.il.

Барак Бахардың командасы қорғаушы Райан Стрейнді ойынға қоса алмайды, аустралиялық футболшыға жаңа командасы үшін бірінші матчіне жарақат бөгет болып отыр.  

Тағы бір қорғаушы Офри Арад бұрынғы жарақатынан әлі сауықпады. "Маккаби" бұл ойыншыларды Қазақстанда өтетін қарымта ойында шығармақ. 

Еске салайық, "Маккаби" - "Қайрат" ойыны бүгін, 7 шілдеде Хайфада өтеді, матч 23:00-де басталады. Матчті Qazsport арнасынан тамашалуға болады.

Қарымта кездесу 14 шілдеде Алматыға белгіленген.