Чемпиондар лигасындағы "Қайрат" - "Црвена Звезда" матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 21 шілдеде алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші туры аясында өз алаңында сербиялық "Црвена Звездамен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, басталуы 20:00-де. Матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляцияны мына жерден тамашалауға болады. 

Командалар еурокубоктарда бұрын да кездескенін айта кетейік. 2002 жылы УЕФА кубогы іріктеуінің бірінші турында "Қайрат" екі ойында да ұтылған - 0:2 және 0:3. 

Алайда 2015/16 жылғы маусымда алматылық команда Еуропа лигасы іріктеуінде қарымта қайтарып, жалпы 4:1 есебімен жеңіске жеткен. 

Бүгінгі кездесудің қарымта ойыны 29 шілдеде Белградта өтеді.