Бүгін Алматының "Қайрат" командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Братиславаның "Слован" клубынмен ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Алматыда өтеді және Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді, сондай-ақ трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Қарымта матч 12 тамыз күні Словакияда өтеді.