Ресейлік Flashscore порталы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі шотландиялық "Селтик" пен алматылық "Қайрат" арасындағы алғашқы ойынды қорытындылап, матчтың үздік және ең әлсіз ойыншыларын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, Матч кеше Шотландияның Глазго қаласында өтіп, 0:0 есебімен тең аяқталған болатын.
Матчтағы ең жоғары бағаны алаң иелерінің қорғаушысы, америкалық Кэмерон Картер-Викерс алды - 7.3 ұпай. Ал "Қайрат" сапынан үздік ойыншы болып орталық қорғаушы Егор Сорокин танылды - 7.2 ұпай.
Ең төмен баға "Селтик" шабуылшысы, жапониялық Шин Ямадаға берілді - 6.2 ұпай. "Қайраттың" сапында ең төмен көрсеткіш қақпашы Темірлан Анарбековке тиесілі - 6.3 ұпай.
Рафаэль Уразбахтиннің командасы 26 тамыз күні Алматыда қарымта матч өткізеді. Жеңіс "Қайратқа" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама әкеледі. Ал егер сәтсіздікке ұшыраса, команда еурокубоктық маусымды Еуропа лигасының топтық кезеңінде жалғастырады.