Чемпиондар лигасындағы "Қайрат" пен "Аяттың қарсыластары белгілі болды

©instagram.com/leohiguita2

Бүгін, 7 шілде күні "Қайрат" пен "Аят" қатысатын футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстанның екі клубы да турнирді негізгі кезеңнен бастайды. 

Жеребенің қорытындысы бойынша, "Қайрат" 1 топқа түсті. Алматылық командамен бірге "Спортинг Париж" (Франция), "Спортинг-Андерлхет" (Бельгия) және "Мальорка" (Испания) командалары бар. 

Ал "Аят" 2-топта "Ново Время" , "Пула" және "Спортинг" командаларымен бірге түсті. 

Ойындар 25-30 қазан аралығында өтеді. Әр топтан элиталық кезеңге бір командадан шығады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар