Бүгін, 15 шілде Алматыда Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі аясында "Қайрат" пен Словенияның "Олимпия" командалары арасында қарымта матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші іріктеу раунды аясындағы бұл ойын "Орталық" стадионда өтеді. Кездесудің басталуы 20:00.
Матчтың тікелей трансляциясы Q League телеарнасында көрсетіледі. Эфир 19:30-да басталады.
Еске сала кетейік, Люблянада өткен алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелген болатын.
Сырт алаңдағы ойында "Қайрат" сапынан 16 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаев гол салған еді.