Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алтыншы тур матчінде грекиялық "Олимпиакостан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана Аренада" өткен кездесу қонақтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 73-минутта қонақтардың вингері Желсон Мартинш соқты. Ол қиғаштан тепкен добын Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаға дәл кіргізді.
Айта кетейік, алғаш рет капитан болып тұрған қазақстандық клубтың қақпашысы бірнеше эпизодта "Қайратты" голдан аман алып қалды.
Сонымен қатар, "Қайраттың" жалпы кезеңде әлі екі матчы бар: 2026 жылдың 20 қаңтарында алматылықтар Астанада бельгиялық "Брюггені" қабылдайды, ал 28 қаңтарда Лондонда "Арсеналмен" ойнайды.
Сурет: Маржан Қуандықова