Бүгін, 9 желтоқсан Астанада алматылық "Қайрат" пен пирейлік "Олимпиакос" арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алтыншы тур матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Матчті қайдан және қашан тамашалауға болады
Қазақстан астанасындағы кездесу жергілікті уақытпен 20:30-да басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ, онлайн көрсетілім арнаның ресми сайтында қолжетімді болады.
ФНК ұсынған статистикалық деректер
"Қайрат" соңғы сегіз еурокубоктік матчінде жеңіске жетпеген;
"Қайрат" ЛЧ-ның топтық/жалпы кезеңіндегі 11 матчтің бірде-бірінде жеңіске жетпеген;
"Қайрат" соңғы алты ішкі еурокубок матчінің бесеуінде гол жібермеген;
"Олимпиакос" соңғы 25 топтық/жалпы кезең матчінің екеуінде ғана жеңіске жеткен;
"Олимпиакос" Чемпиондар лигасының топтық/жалпы кезеңіндегі соңғы 12 сырт алаңдағы матчтарда ұтылған;
"Олимпиакос" 2016/17 маусымында Еуропа лигасында қазақстандық "Астанамен" ойнаған (үйде 4:1, сыртта 1:1).
Матчтің бас төрешісі болып испаниялық Хуан Мартинес тағайындалды. Оған қапталда Рауль Кабаньеро мен Иньиго Прието көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Хавьер Альберола атқарады. VAR жүйесіне Карлос дель Серро жауап береді, ал оның көмекшісі Хавьер Иглесиас Вильянуэва болады.
Чемпиондар лигасындағы командалардың қазіргі жағдайы
Бұл матч алдында алдында "сары-қара" команда бір ұпай жинады, ал грек клубының қоржынында екі ұпай бар. Негізгі еурокубок кезеңінде алматылықтар кипрлік "Пафоспен" (0:0) тең ойнап, лиссабондық "Спортингтен" (1:4), мадридтік "Реалдан" (0:5), миландық "Интерден" (1:2) және даниялық "Копенгагеннен" (2:3) ұтылды.
Жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде "Қайрат" 35-орында, ал "Олимпиакос" клубы 33-орында орналасқан.
Жарнама