Чемпиондар лигасындағы "Қайрат" - "Маккаби" қарымтасына тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 14 шілдеде "Қайрат" командасы Чемпиондар лигасы іріктеуінің бірінші турындағы "Маккабимен" (Хайфа) қармыта кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыдағы матч 20:00-де басталады. 

Ойынды тікелей эфирде Qazsport көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да жүреді. 

Еске салайық, командалар арасындағы бірінші кездесу Хайфадағы "Самми Офер" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталған. Екінші айналымға өте алған жағдайда алматылық клубтың келесі қарсыласы сербиялық футбол гранды - "Црвена Звезда" болады.