Бүгін, 29 шілдеде алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасына іріктеудің екінші туры аясында финляиндиялық КуПС командасымен қарымта матч өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Матч Алматыда өтеді, басталуы 20:00. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді, трансляция 19:50-де басталады.
Чемпиондар лигасындағы "Қайрат" - КуПС матчіне трансляцияАйта кетейік, алматылықтарға келесі кезеңге өту үшін екі апта бұрын Финляндияда өткен матчта соғылған екі голдың есесін қайтару керек.
Егер "Қайрат" үшінші іріктеу кезеңіне өтсе, "Слован" (Словакия) мен "Зриньски" (Босния және Герцеговина) арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі. Алматылық команда әлі бұл кезеңге дейін жетіп көрмегенінн атап өтейік.