Футбол
26 қараша 09:04

Чемпиондар лигасындағы "Челси" мен "Барселонана" матчі күтпеген есеппен аяқталды

©Reuters

Лондондық "Челси" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-турында "Барселонаны" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Лондонда "Стэмфорд Бридж" стадионында өтті және 3:0 есебімен аяқталды.

Алғашқы голды алаң иелері 27-минутта Жюль Кунденің өз қақпасына соққан добының арқасында тіркеді. Кейін Эстевао 55-минутта, ал Лиам Делап 73-минутта нәтижелі соққыларымен көзге түсті.

44-минуттан бастап қонақтар бір ойыншымен кем ойнады - Рональд Араухо қызыл карточка алып, бұл жағдай матчтің қорытындысына айтарлықтай әсер етті.

Қазіргі уақытта "Челси" 10 ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде 5-орында, ал "Барселона" 7 ұпаймен 15-орында тұр.

9 желтоқсандағы 6-турда "Барселона" өз алаңында немістің "Айнтрахтын" қабылдайды, ал "Челси" сол күні сырт алаңда италиялық "Аталантамен" матч өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport