Чемпиондар лигасындағы "Барселона" - "Бавария" және өзге матчтердің тікелей трансляциясы

14 қыркүйек 2021 13:57
©Footballua

Бүгін, 14 қыркүйекте 2021/22 маусымындағы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші матчтері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

22:45-ке екі матч белгіленген - швейцариялық "Янг Бойз" өз алаңында "Манчестер Юнайтедпен", ал испаниялық "Севилья" аустриялық "Ред Булл Зальцбургпен" ойнайды.

01:00-де бірден алты матч басталады. Лондондық "Челси" өз алаңында "Зенитті" қабылдайды. Qazsport арнасы бұл ойынды тікелей көрсетеді, трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Ал Qazaqstan арнасынан "Барселона" мен мюнхендік "Бавария" кездесуін тамашалай аласыз. Трансляция мына жерде жүреді.

Сонымен бірге, "Динамо" Киев өз алаңында "Бенфикамен", "Вильярреал" - "Аталантамен", "Лилль" -  "Вольфсбургпен", ал "Ювентус" сырт алаңда "Мальмамен" кездесу өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: