Чемпиондар лигасындағы "Атлетико" - "Челси", "Лацио" - "Бавария" матчіне тікелей трансляция

Сурет: AFP©

23 ақпан түнде Чемпиондар лигасы 1/8 финалы өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, Бухарестегі бейтарап алаңда мадридтік "Атлетико" лондондық "Челсимен" ойнайды. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 02:00. Матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. 

Римде өтетін қатар ойында "Лацио" мюнхендік "Баварияны" қабылдайды. Бұл кездесудің трансляциясын Qazaqstan арнасы жүргізеді.