Лондондық "Арсенал" леверкузендік "Байерді" ұтып, УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалдың қарымта кездесуі Лондонда өтіп, алаң иелерінің 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Голдарды Эберечи Эзе (36-минут) және Деклан Райс (63-минут) соқты.
Алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Осылайша, қос ойын қорытындысы бойынша "Арсенал" 3:1 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.
Жарнама