Чемпиондар лигасында "Ювентус" қазіргі чемпионды ұтты, Роналду рекорд жаңартты

30 қыркүйек 2021 09:52
©Reuters

Англиялық "Манчестер Юнайтед" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші турында "Вильярреалды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

F тобындағы кездесу Манчестерде өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінен Алекс Теллес (60-минут) және Криштиану Роналду (90+5) гол салды. Ұтылған командада Пако Алькасер (53-минут) көзге түсті. Португалиялық Роналду Чемпиондар лигасындағы матчтер саны бойынша рекордын жаңартты (178).

Екі тур қорытындысы бойынша топта төрт ұпаймен "Атланта" көш басында. Одан кейін "Янг Бойз" және "МЮ" (3 ұпайдан), "Вильярреал" (1) төртінші.

G тобында аустриялық "Зальцбург" өз алаңында "Лилльді" 2:1 есебімен ұтты. Жеңімпаздар сапында Карим Адейеми (35 және 53-минут) дубль жасады, екеуі де пенальтиден. Алаң қонақтарынан Бурак Йылмаз (62-минут) көзге түсті.

Қатар өткен ойында "Вольфсбург" өз алаңында испаниялық "Севильямен" тең түсті - 1:1. 48-минутта Ренато Штеффен гол салды, алайда, Иван Ракитич пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді.

Екі турдан кейін "Зальцбург" төрт ұпаймен бірінші тұр, одан кейін "Севилья" мен "Вольфсбург" (екі баллдан), "Лилль" (1) - төртінші.

Е тобында мюнхендік "Бавария" киевтік "Динамоны" 5:0 есебімен тас талқан етті. Гол салғандар Роберт Левандовски (12-минут пенальти және 27-минут), Серж Гнабри (68), Лерой Сане (74) және Эрик-Максим Шупо-Мотинг (87).

Каталондық "Барселона" сырт алаңда португалиялық "Бенфикадан" ұтылды - 0:3. Дарвин Нуньес (3 және 79-минут пенальти) және Рафа Силва (69-минут) гол соқты.

Топтағы жағдай мынадай: "Бавария" - 6 ұпай, "Бенфика" - 4, киевтік "Динамо" - 1, "Барселона" - 0.

H тобында туриндік "Ювентус" қазіргі чемпион "Челсиден" басым түсті - 1:0. Жалғыз голды 46-минутта Федерико Кьеза салды.

Бұл топта "Ювентус" алты ұпай жинады, "Челси" мен "Зенит" (3) екінші келеді, шведциялық "Мальме" соңғы (0).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар