Чемпиондар лигасында "Тобылды" ұтқан клубтың матчі сенсациямен бітті

©fradi.hu

Венгриялық "Ференцварош" Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үшінші іріктеу турының қарымта ойынында мажарлықтар өз алаңында күтпеген жерден әзірбайжандық "Карабахтан" ұтылып қалды, есеп 1:3.

Бакуде өткен бірінші ойын тең аяқталған- 1:1.

Енді ЧЛ плей-офф раундында "Карабах" чехиялық "Виктория Пльзень" командасымен ойнайды, ал "Ференцварош" жарыс жолын Еуропа лигасында жалғастырады.

Еске салайық, ЧЛ бірінші іріктеу раундында "Ференцварош" қазақстандық "Тобылды" жарыс жолынан шығарып тастаған (0:0, 5:1).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport