Футбол
23 қазан 09:43
 

Чемпиондар лигасында тарихи рекорд тіркелді

  Пікірлер

blog.share

Чемпиондар лигасында тарихи рекорд тіркелді ©

Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің үшінші туры тарихқа енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің үшінші туры тарихқа енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

21 және 22 қазан күндері өткен екі ойын күнінде командалар барлығы 18 матч өткізіп, 71 гол соқты.

УЕФА баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл — турнир тарихындағы жаңа рекорд. Бұған дейінгі көрсеткіш 18 ойында 67 гол болған. Бұл өткен маусымда орнатылған еді және биылғы бірінші турда қайталанған болатын.

Бірінші ойын күні жанкүйерлер нағыз голдық шоу тамашалады. 9 матчта 43 гол соғылды. Ал келесі күні, 22 қазанда, командалар тағы 28 рет мергендік танытты.

Осылайша, Чемпиондар лигасы тарихында алғаш рет бір тур аясында 70-тен астам гол соғылып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!