Чемпиондар лигасында сенсация жасаған команда бас бапкерін қызметінен босатты
©"Шериф" ФК
Тирасполь қаласының намысын қорғайтын "Шериф" команданың бас бапкері Юрий Вернибудты қызметінен босатты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Тирасполь қаласының намысын қорғайтын "Шериф" команданың бас бапкері Юрий Вернибудты қызметінен босатты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Келісімшарт екі тараптың бітімі бойынша тоқтатылған.
Украиналық маман "Шериф" командасының тізгінін 2021 жылдың қысында ұстап, клубтың Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алып шықты.
"D" тобында "Шериф" командасы "Реал" (2:1) мен "Шахетрді" (2:0) ұтып, өз тобында үшінші орын алды. Ал Еуропа лигасының тоғыспа кездесуінде бұл команда португалиялық "Бенфикадан" ұтылып қалды.
Жарнама