Чемпиондар лигасында "Реалға" гол салған футболшы "Астанада" ойнауы мүмкін еді

29 қыркүйек 2021 11:59
©Lutfije Vađačević / Twitter

Чемпиондар лигасында "Реалға" гол салған молдовалық "Шерифтегі" өзбек футболшы Джасурбек Яхшибоев қысқы трансферде "Астанаға" қосылуы мүмкін еді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

"Қазақстан футболына қатысы қанша деп сұрасаңыздар, айтайын: "Тұп-тура". Ол футболшының карьерасын жасауға Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлықбек Асанбаев үлкен үлес қосты. 

Асанбаев оның талантын байқап Өзбекстаннан Беларуське алып келді. Ол жерде жігітті жетілдіріп, солигорлық "Шахтерде" ойнатты, ары қарайғысын білесіздер. 

Айтпақшы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев те Асанбаевтың арқасында Беларуське барды", - деп жазады Қожахмет. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport