"Чемпиондар лигасында күтеміз!". УЕФА "Қайраттың" чемпиондығына қатысты

Сурет: "Қайрат" ФК

Еуропалық футбол қауымдастықтарының кеңесі (УЕФА) "Қайрат" футбол клубының Қазақстан чемпионатындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайрат" 16 жылдан кейін өзіне чемпиондықты қайтарып алды! Чемпиондар лигасында күтеміз! Бірінші фотодағы ойыншыны таныдыңдар ма? Ол Вагнер Лав: 13 матчте 7 гол, 5 ассист", - делінген твиттер хабарламасында. 

Еске салайық, кеше "Қайрат" Алматының Орталық стадионында "Ордабасы" командасын ұтып, мерзімінен бұрын чемпион атанды.
 
Жаңалықтар