Футбол
22 шілде 14:51
 

Чемпиондар лигасында Дастан Сәтбаевқа қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Чемпиондар лигасында Дастан Сәтбаевқа қатысты пікір білдірді ©"Қайрат" ФК

Финляндиялық КуПС клубының ресми сайты Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матч қарсаңында алматылық "Қайраттың" 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаевқа ерекше назар аударды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Финляндиялық КуПС клубының ресми сайты Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матч қарсаңында алматылық "Қайраттың" 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаевқа ерекше назар аударды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайрат" құрамындағы ең көзге түскен ойыншы - "Челси" клубымен келісімшартқа қол қойған 16 жастағы жас сенсациялық шойыншы Дастан Сәтбаев болды. Ол Англияға 18 жасқа толғанда көшіп барады. Бұл жас шабуылшы өткен маусымнан бері Қазақстан чемпионатының ең үздік ойыншыларының бірі саналады. Уақыт өте келе оның қандай деңгейдегі жұлдызға айналатынын көреміз", – деп жазды КуПС клубының баспасөз қызметі.

Сәтбаев еуропалық скауттардың назарын әлдеқашан өзіне аударып үлгерген және ол қазіргі таңда Қазақстандағы болашағы ең зор футболшы деп бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, КуПС пен "Қайрат" арасындағы қарсыластықта тек Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өту ғана емес, сонымен қатар, еурокубоктардың топтық кезеңіне қатысу мүмкіндігі де тұр. Бұл жұптағы жеңімпаз іріктеу кезеңінен әрі өтпесе де, Конференциялар лигасының топтық кезеңінде ойнайтынына кепіл бар.

Алғашқы матч бүгін, 22 шілде Финляндияның Куопио қаласында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Қарымта кездесу 29 шілде күні Алматыда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!