Футбол
18 маусым 2020 11:12

Чемпиондар лигасында "Астанаға" қарсылас болуы ықтимал командалар анықталды

Сурет: fcastana.kz
Қазақстаннан жалғыз команда қатысатын Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымында өнер көрсететін 33 қатысушы анықталды. 

"Астана" еурокубок маусымын бірінші іріктеу раундынан бастайды, қазіргі таңда осы кезеңде қарсылас болуы мүмкін 22 команда белгілі. 

Олар: "Омония" (Кипр), "Црвена Звезда" (Сербия), "Динамо-Брест" (Беларусь), "Селтик" (Шотландия), "Карабах" (Әзірбайжан), "Мольде" (Норвегия), "Юргорден" (Швеция), "Ференцварош" (Венгрия), "Дандолк" (Ирландия), "Шериф" (Молдова), "КуПС" (Финляндия), "Рейкьявик" (Исландия), "Сараево" (Босния және Герцеговина), "Судува" (Литва), "Рига" (Латвия), "Флора" (Эстония), "Фола" (Люксембург), "Флориана" (Мальта), "Коннак" (Уэльс), "Класквик" (Фарер аралдары), "Динамо Тбилиси" (Грузия) және "Еуропа" (Гибралтар).

Кеше УЕФА-ның атқару комитеті Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымындағы іріктеу форматын өзгерткен. Енді командалар іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын бұрынғыдай екі емес, бір ойынмен ғана анықтайды.

Чемпиондар лигасындағы бірінші саралау матчтері (алдын ала раунд) тамыздың сегізі мен он бірі өтеді. Бірінші іріктеу турының ойындары 18-19 тамызда, екнші - 25-26 тамызда, үшінші - 15-16 қыркүйек. Плей-офф саралау 22-23 және 29-30 қыркүйекте. 

Чемпиондар лигасы топтық кезеңі 20-21 және 27-28 қазан, 3-4 және 24-25 қараша, 1-2 және 8-9 желтоқсанға белгіленген.