Чемпиондар Лигасынан ұшып кеткен Неймар мен Доннарумма төбелесе жаздады
Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Реал" мен "ПСЖ" арасындағы қармыта матчтан кейін париждік ойыншылар арасында кикілжің болды, деп жазады Marca басылымы.
Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Реал" мен "ПСЖ" арасындағы қармыта матчтан кейін париждік ойыншылар арасында кикілжің болды, деп жазады Marca басылымы.
"Сантьяго Бернабеудегі" кездесу корольдік клубтың пайдасына аяқталып, қос матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен "Реал" турнирдің 1/4 финалына жолдама алды.
Белгілі болғандай матчтан кейін киім ауыстыру бөлмесінде шабуылшы Неймар мен қақпашы Джанлуиджи Доннарумма арасында ерегіс болған. Алайда төбелеске ұласа жаздаған сәтте басқа ойыншылар араша түскен.
Қос футболшы арасындағы әңгімені бразилиялық форвард бастаған. Неймардың айтуынша, Донниге бірінші голды қайтаруына болар еді деген. Өз кезегінде Доннарумма болса екінші голдың соғылуына тікелей Неймардың кінәсі бар екенін айтып қалған. Төбелесе жаздаған сәтте "ПСЖ" ойыншылары лезде ажыратып алған.
Еске салайық, 23 жастағы Доннарумма париждіктер сапына өткен жылы қосылса, 30 жастағы Неймар француз клубында 2017 жылдан бері доп теуіп келеді.
Жарнама