Чемпиондар лигасын 5 рет ұтқан. Уэльстің белгілі футболшысы карьерасын аяқтады

©Global Look Press

Уэльс ұлттық құрамасының шабуылшысы Гарет Бэйл мансабын аяқтады. Бұл туралы өзі әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.

"Ұзақ ойлана келе клубтық және халықаралық деңгейдегі мансабымды аяқтағанымды хабарлаймын. Арманыма қол жеткізіп, сүйікті спортыммен айналысқаным үшін бақыттымын. Қазір өмірімнің жаңа кезеңіне қадам басып келемін.  Өзгерістер мен жаңа шытырман жолым басталды десем де болады", - деп хабарлады футболшы.

Гарет Бэйл клубтық деңгейде ағылшынның "Саутгемптон", "Тоттенхэм" және Испанияда "Реал" сапында жарқын ойындарын өткізді. Соңғы рет АҚШ-та "Лос-Анджелес" командасында доп тепті.

Уэльс ойыншысы "Реал" сапында жүргенде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Үш дүркін Испания чемпионы атанды, бес рет Чемпиондар лигасын ұтты. Төрт рет клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына шықты. Одан өзге екі рет Еуропа Суперкубогын және Испания кубогы мен Суперкубогын еншіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар