Чемпиондар лигасы: "Ювентус" ұтылды, "Боруссия" шабуылшысы дубль жасады
Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында тағы екі матч өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында тағы екі матч өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Португалиялық "Порту" өз алаңында италиялық "Ювентусті" 2:1 есебімен жеңді. Алаң иелері сапынан Мехди Тареми (2-минут) мен Мусса Марега (46) гол соқты. Ал "Ювентус" сапында жалғыз голды Федерико Кьеза (82) салды. Қарымта матч 9 наурызда Туринде өтеді.
Германиялық "Боруссия" сырт алаңда испаниялық "Севильяны" 3:2 есебімен жеңді. Дортмундық команда сапында Эрлинг Холанд (27 және 43-минутта) дубль жасаса, тағы бір допты Махмуд Дауд (19) салды. Алаң иелерінен Сусо (7) мен Люк де Йонг (84) көзге түсті. Қарымта кездесу 9 наурызда Дортмундта өтеді.
Еске салайық, 1/8 финалда бұған дейін ПСЖ сырт алаңда "Барселонаны" 4:1 есебімен жеңген, ал "Ливерпуль" "Лейпцигтен" 2:0 есебімен басым түскен еді.
Жарнама