Чемпиондар лигасы: "Ювентус" масқара болды, ал "Челси" мен ПСЖ плей-оффке өтті

©"Ювентус" ФК

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші туры матчтері өтті, оның қорытындысы бойынша кей командалар плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадридтік "Реал" биылғы маусымда алғаш рет ұтылды, дегенмен, испаниялықтардың жарыс жолын жалғастыру мәселесі шешіліп қойған. Ал "Лейпциг" пен донецкілік "Шахтер" 1/8 финалға екінші жолдама үшін таласады

"Бенфикаға" сырт алаңда есе жіберген "Ювентус" ЧЛ-ден масқара болып, шығып қалды. Португалиялық клубпен бірге плей-офф кезеңге "Челси", ПСЖ және дортмундтық "Боруссия" шығып отыр.

Еске салайық, мұның алдында өз топтарынан "Реал", "Манчестер Сити", "Бавария", "Наполи" мен "Брюгге" келесі айналымға өткен еді.

Бесінші турдың бірінші ойын күнінің қорытындысы: 

E тобы

"Зальцбург" (Аустрия) - "Челси" (Англия) - 1:2
"Динамо" (Загреб, Хорватия) - "Милан" (Италия) - 0:4

F тобы

"Лейпциг" (Германия) - "Реал Мадрид" (Испания) - 3:2
"Селтик" (Шотландия) - "Шахтер" (Украина) - 1:1

G тобы

"Севилья" (Испания) - "Копенгаген" (Дания) - 3:0
"Боруссия" (Дортмунд, Германия) - "Манчестер Сити" (Англия) - 0:0

H тобы

"Бенфика" (Португалия) - "Ювентус" (Италия) - 4:3
ПСЖ (Франция) - "Маккаби" (Хайфа, Израиль) - 7:2

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport