Чемпиондар лигасы. "Ювентус" қатарынан екі матчта ұпай жоғалтты

15 қыркүйек 2022 05:40
©Ansa

Чемпиондар лигасының екінші турында "Ювентус" өз алаңында "Бенфикаға" ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Альянц Аренадағы" матчта португалиялықтар камбэк жасады. Себебі ойынның 4-минутында Аркадиуш Милик есеп ашты. Тек 43-минутта Жоау Мариу пенальтиде таразы басын теңестірсе, 55-минутта Давид Мерес "бүркіттерге" жеңіс сыйлады.

Еске салайық, Антонио Конте шәкірттері бірінші турда қонақта ПСЖ командасына (2:1) есе жіберген еді.

Енді Н тобында ПСЖ 6 ұпаймен көш бастап тұрса, "Бенфика" да 6 ұпаймен екінші келеді. Әзірге "Ювентус" пен Хайфаның "Маккабиінде" ұпай жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар