Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің барлық қатысушысы анықталды

©UEFA.com

2022/23 маусымындағы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде ойнайтын барлық командалар анықталды. 

Соңғы жолдамаларды загребтік "Динамо", "Копенгаген" және "Рейнджерс" жеңіп алды. Бұл командалар төртінші топқа кірді. 

ЧЛ топтық кезеңіне қатысатын толық тізім мынадай:

бірінші топ: "Реал" Мадрид, "Айнтрахт", "Манчестер Сити", "Милан", "Бавария", ПСЖ, "Порту" және "Аякс";

екінші топ: "Ливерпуль", "Челси", "Барселона", "Ювентус", "Атлетико" Мадрид, "Севилья", "РБ Лейпциг" және "Тоттенхэм";

үшінші топ: "Боруссия" Дортмунд, "Зальцбург", "Шахтер", "Интер", "Наполи", "Бенфика", "Спортинг", "Байер";

төртінші топ: "Марсель", "Брюгге", "Селтик", "Виктория Пльзень", "Маккаби" (Хайфа), "Динамо", "Копенгаген" және "Рейнджерс".

Жеребе бүгін, 25 тамызда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар