Чемпиондар Лигасы. "Тобыл" мен "Ференцварош" тең түсті

©kazfootball.kz

"Тобыл" Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу айналымында Венгрияның "Ференцварошын" қабылдап 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қостанайдағы "Орталық" стадионда есеп ашылмады. Алаң иелері 90 минуттың ішінде 15 соққы жасап, оның үшеуін дәл бағыттады. Ал қонақтар болса Мокин қақпасын 10 рет нысанаға алып, екі рет дәл соққы жасады.

Енді қарымта ойын 14 шілде күні Будапештте өтеді. Жеңіске жеткен команда "Динамо Батуми" мен "Слован Братислава" клубтарының жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport