Чемпиондар лигасы. "Тобыл" - "Ференцварош" матчіне тікелей трансляция

©"Тобыл" ФК

Бүгін, 6 шілдеде футболдан Қазақстан чемпионы "Тобыл" Чемпиондар лигасында жарыс жолын бастайды. Бірінші іріктеу ойынында қостанайлық команда венгриялық "Ференцварошпен" кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қостанайда өтетін ойын 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. 

Еске салайық, "Тобыл" келесі раундқа өте алмаған жағдайда, Конференция лигасын екінші іріктеу раундынан бастайды. Қазақстандық өзге үш клуб - "Астана", "Қайрат" пен "Қызыл-Жар" - еурокубоктарды екінші айналымнан бастайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport