Чемпиондар лигасы тарихындағы ең әдемі гол таңдалды

Сурет: Ouest-France
Франциялық France Football басылымы 1992 мен 2020 жылдар аралығындағы Чемпиондар лигасы тарихында салынған ең әдемі голдар рейтингін жасады.

Осылайша, 2002 жылы Зинедин Зиданның "Реал" үшін леверкузендік "Байер" қақпасына (2:1) салған голы ең мықты деп мойындалды. 

Рейтингтің топ-10 тізімі келесідей:

1. Зинедин Зидан, "Реал" ("Байер" қақпасына, 2002 жылы финалда);

2. Мауро Брессан, "Фиорентина" ("Барселонаға" 1999 жылы);

3. Криштиану Роналду, "Реал" ("Ювентуске" 2018 жылы);

4. Деян Станкович, "Интер" ("Шалькеге" 2011 жылы);

5. Филипп Мексес, "Милан" ("Андерлехтке" 2012 жылы);

6. Гарет Бэйл, "Реал" ("Ливерпульге" 2018 жылы);

7. Майкл Эссьен, "Челси" ("Барселонаға" 2009 жылы);

8. Марио Манджукич, "Ювентус" ("Реалға" 2017 жылы);

9. Роналдиньо, "Барселона" ("Челсиге" 2005 жылы);

10. Аарон Рэмзи, "Арсенал" ("Галатасарайға" 2014 жылы).

Рейтингтің топ-50 тізімімен France Football сайтында таныса аласыз.