Чемпиондар лигасы. "Рейнджерс" жеңісті есепті сақтай алмады

©Рейнджерс ФК

Чемпиондар лигасының плей-офф раундында Глазгоның "Рейнджерсі" жеңісті есепті сақтай алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Шотландияның 55 дүркін чемпионы "Айброкс" стадионында Нидерландының ПСВ командасын қабылдап, 2:2 есебімен тең түсті. Матчтың алғашқы голын қонақтар салды. 37-минутта Ибраим Сангаре есеп ашты. Араға 3 минут салып Антонио Чолак таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін шабуылда белсенді ойнаған алаң иелері екінші голын соқты. Бұл жолы 70-минутта Том Лоуренс ерекшеленді. Ал кездесудің 78-минутында Армандо Обиспо таразы басын теңестіріп кетті.

Енді қос ұжым бір аптадан кейін кәрі құрлықтағы басты клубтық турнирдің топтық кезеңіне шығу үшін Эйндховен қаласында қайта кездеседі.

Еске салайық, "Рейнджерс" командасы өткен маусымда Еуропа лигасының финалына дейін жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар