Футбол
27 ақпан 2020 07:46

Чемпиондар лигасы: "Реал" жеті минут қалғанда "Ман Ситиден" ұтылды, ал "Ювентус" фрнциялық "Лионға" есе жіберді

© championat.com
Ақпанның 26-нан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының өзге төрт команда арасындағы бірінші ойындар өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Испаниялық "Реал" өз алаңында англиялық "Манчестер Ситиден" ұтылды - 1:2. 60-шы минутта жартылай қорғаушы Иско мадридтіктерді алға шығарды, алайда, алаң қонақтары 78-ші минутта бразилиялық форвард Габриэль Жезустың голымен жауап берді және 83-ші минутта хавбек Кевин де Брюйне пенальтиді сәтті орындады. 



"Реал" ойын соңында азшылықта қалғанын айта кету керек. 86-шы минутта команда капитаны Серхио Рамос алаңанан қуылды - ол Жезуске дубль жасауға бөгет жасап қалды. 

Қатар өткен матчте франциялық "Лион" өз алаңында италиялық "Ювентусты" ұтты - 1:0. Ойындағы жалғыз голды 31-ші минутта жартылай қорғаушы Люки Тузара салды. 



"Бавария" Чемпиондар лигасында "Челсиді" тас-талқан етті, ал "Барселона" италиялық "Наполиді" ұта алмады