Чемпиондар лигасы. ПСЖ – "Ювентус" матчына тікелей трансляция

©ПСЖ ФК

Бүгін, қыркүйек айының алтысынан жетісіне қараған түні Чемпиондар лигасының аясында ПСЖ мен "Ювентус" клубтары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Франция астанасындағы ойынның басталуына бір күн қалғанда билеттердің барлығы сатылып кеткен.

Бас бапкер Кристоф Галтье бүгінгі матчқа ерекше дайындалды. Франция чемпионатының соңғы алтыншы турында сырт алаңда "Нант" клубына қарсы Неймар мен Серхио Рамос тек екінші таймда алаңға шықты. Ал дубль жасаған Килиан Мбаппе үзілістен кейін бразилиялықты (ред. Неймар) алмастырды.

"Парк де Пренстегі" ойын елорда уақытымен түнгі сағат 00:50-де басталады. Бұл матчты QAZAQSTAN ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. Сонымен қатар, Париждегі кездесуді арнаның ресми сайтынан көруге болады.

Еске салайық, Н тобында ПСЖ-дан бөлек, "Ювентус" (Италия), "Бенфика" (Португалия) және "Маккаби Хайфа" (Израиль) командалары бар.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport