Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіне шыққан бірінші команда анықталды

©twitter.com/mancity

Англиялық "Манчестер Сити" топтық кезеңнің төртінші тур қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасы плей-офф раундына өткен бірінші команда болып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

"МанСити" сырт алаңда даниялық "Копенгагенімен" тең түсті - 0:0, ал дортмундтық "Боруссия" өз алаңында "Севильямен" тең тарқасты - 1:1. Осылайша, G тобының көш басындағы "Сити" 10 ұпай жинап, кепілді түрде топта екінші болады және ЧЛ 1/8 финалына сөзсіз өтеді. Топта екінші орында "Боруссия" (7 ұпай), "Севилья" мен "Копенгагенде" 2 баллдан.

25 қазандағы келесі турда, "Боруссия Дортмунд" - "Манчестер Сити", "Севилья" - "Копенгаген" матчтері өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport