Чемпиондар лигасы: "Милан" Аустрияда ұпай жоғалтты

©Милан ФК

Чемпиондар лигасының бірінші турында күтпеген есеп тіркелді. "Зальцбургке" қонаққа барған "Милан" 1:1 есебімен тең тарқасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Е тобындағы тартысты ойында есепті алдымен алаң иелері ашты. 28-минутта Ноа Окафор өз жанкүйерлерін қуантты. Ал 40-минутта Алексис Салемакерс таразы басын теңестірді.

Осылайша, өткен маусымда араға 11 жыл салып А сериясында қайта топ жарған "Милан" алғашқы айналымда үш ұпайдан қағылды. Сонымен қатар, бұл квартетте Загребтің "Динамосы" мен Лондонның "Челсиі" бар.

Енді "Зальцбург" 15 қыркүйек күні екінші тур аясындағы матчын сырт алаңда "Челсиге" қарсы өткізсе, "Милан" әйгілі "Сан Сирода" хорватиялықтарды қабылдайды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport