Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы коронавирусқа байланысты тоқтатылды

Сурет: Eurosport
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының келесі аптаға жоспарланған барлық матчы коронавирустың тарауына байланысты шегерілді. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости

"Бұл матчтардың қашан өтетіні туралы шешім алдағы уақытта айтылады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, еурокубоктардың 1/4 финалына жеребе рәсімі де басқа уақытқа ауысты.

Бұған дейін коронавирусқа байланысты Еуропаның футболдан бірқатар лигасы тоқтатылған болатын.
Жаңалықтар