Футбол
Кеше 13:23

Чемпиондар лигасы келісі маусымының 24қатысушысы анықталды

©epositphotos.com

"Лилль" келесі маусымдағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тікелей жолдама алған Франция чемпионатындағы соңғы клуб атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лига 1-дегі шешуші тур

Барлығы Лига 1-дің соңғы турында шешілді. Өз алаңында Лилль "Осерден" 0:2 есебімен ұтылды.

Алайда бәсекелесінің осалдығын "Лион" пайдалана алмады. Лиондық клуб та өз алаңында "Ланс" командасына 0:4 есебімен жол берді.

Нәтижесінде "Лилль" чемпионатты үшінші орында аяқтап, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тікелей өтті. Ал Лион іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Турнир қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тікелей шыққан клубтар:

"Пари Сен-Жермен" — 77 ұпай;
"Ланс" — 70 ұпай;
"Лилль" — 61 ұпай.
Төртінші орын алған "Лион" (60 ұпай) Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде ойнайды.

Бесінші сатыдағы "Марсель" (59 ұпай) Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Ал "Монако" (54 ұпай) жетінші орын алып, еурокубокке қатысу мүмкіндігін сақтап қалды.

Егер Франция кубогының финалында "Ланс" "Ниццаны" жеңсе, монегаскіліктер Конференция лигасының плей-офф іріктеу кезеңіне шығады.

Ал "Ницца" жеңіске жетсе, алтыншы орын алған Ренн осы кезеңде өнер көрсетеді. Егер кубокты "Ланс" иеленсе, Ренн Еуропа лигасының негізгі кезеңіне өтеді.

Чемпиондар лигасының 24 қатысушысы белгілі болды

"Лилль" УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 маусымындағы негізгі кезеңінің 24-қатысушысы атанды.

Қазіргі таңда турнирге қатысатын клубтар:

Англия:
"Арсенал", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Астон Вилла".

Италия:
"Интер", "Наполи".

Испания:
"Барселона", "Реал Мадрид", "Вильярреал", "Атлетико", "Бетис".

Германия:
"Бавария", "Боруссия Дортмунд", "РБ Лейпциг", "Штутгарт".

Франция:
"Пари Сен-Жермен", "Ланс", "Лилль".

Нидерланд:
"ПСВ", "Фейеноорд".

Португалия:
"Порту".

Чехия:
"Славия".

Түркия:
"Галатасарай".

Украина:
"Шахтер".

Айта кетейік, клубтық маусым аяқталғанға дейін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тағы бес тікелей жолдама сарапқа салынады. Қалған жеті жолдама іріктеу кезеңі арқылы анықталады.
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport