Чемпиондар лигасы жеребе тарту рәсімі қайта өтеді
Еуропа футбол одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасы техникалық қателіктен кейін 1/8 финалды қайта өткізетін болды.
Еуропа футбол одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасы техникалық қателіктен кейін 1/8 финалды қайта өткізетін болды.
Қайта жеребе тарту рәсімі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де өтеді.
Еске салайық, бұған дейін жеребе тарту рәсімі өтіп, "Бенфика" - "Реал", "Вильярреал" - "Манчестер Сити", "Атлетико" - "Бавария", "Зальцбург" - "Ливерпуль", "Интер" - "Аякс", "Спортинг" - "Ювентус", "Челси" - "Лилль" және ПСЖ - "Манчестер Юнайтед" командалары бір-біріне қарсылас атанды.
Алайда осы рәсім барысында техникалық қателік тіркелді. Жеребе өткізуші "Манчестер Юнайтедтің" қарсыластары қатарына "Вильяреалды" қосып қойды. Бірақ бұл екі команда топтық кезеңде ойнаған. Сондықтан плей-офф кезеңінде жолыға алмайтын еді. Дегенмен Андрей Аршавин себеттен дәл сол "Вильяреалды" алып шықты.
Содан соң "Атлетиконың" қарсыласын анықтап жатқан сәтте себетке "Манчестер Юнайтедті" салуды ұмытып кеткен. Осыған байланысты жеребе тарту рәсімі қайта өтетін болды.
Жарнама