Футбол
5 қараша 10:09

Чемпиондар лигасы жеңімпазының матчі күтпеген нәтиже берді

©Imago

"Пари Сен-Жермен" футболшылары Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 4-турында мюнхендік "Баварияға" қарсы өз алаңында күтпеген жерден ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Париж қаласындағы "Парк-де-Пренс" стадионында өтіп, қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаз команда сапында Луис Диас дубль жасады (4 және 32-минуттар), ал париждіктерден Жоау Невеш 74-минутта бір гол соқты. Айта кетерлігі, мюнхендік клуб ойынның 45+3-минутында Луис Диастың алаңнан қуылуына байланысты матчты бір ойыншыға кем аяқтады.

Турнирдің қазіргі жеңімпазы ПСЖ үшін бұл алғашқы жеңіліс болды. Луис Энрикенің командасы 9 ұпаймен жалпы турнир кестесінде үздік үштіктің қатарында тұр, ал "Бавария" 12 ұпай жинап, бірінші орынды иеленіп отыр.

Келесі турда, 26 қараша күні "Бавария" сырт алаңда лондондық "Арсеналмен" кездеседі, ал ПСЖ өз алаңында тағы бір ағылшын клубы - "Тоттенхэммен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport