Чемпиондар лигасы жеңімпазы қызымен бірге жол апаты салдарынан ауруханаға түсті

Сурет: Soccernews.ru
Англиялық "Ливерпуля" сапында Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған норвегиялық Йон Арне Риисе 19 жастағы қызы Арианамен бірге жол апатынан кейін ауруханаға түсті, - деп хабарлайды dagbladet.no.

Сейсенбіде Риисе қызын үйіне әкеле жатып, жол бөгетін айнала бергенде өзге көлікпен соқтығысқан. Әкесі мен қызы ауруханадан сәрсенбі күні шықты. Олар қатты зардап шекпеген болса керек.

Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, алайда, бұл қандайда бір құқық бұзуға қатысты емес екенін аталып өтілді.