Чемпиондар лигасы жеңімпазы және Англияның үш дүркін чемпионы клубынан айырылды

Сурет: Readfootball.com
Түркиялық "Трабзонспор" футбол клубы ресми сайтында нигериялық жартылай қорғаушы Джон Оби Микелмен келісімшартты үзгенін хабарлады. 

Англияның екі дүркін чемпионы және "Челси" сапындағы Чемпиондар лигасының жеңімпазымен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды. Осылайша, футболшы еркін агент атанды.

"Мәселе адам өмірінде, футболда емес. Мұндай жағдайда өзімді жайлы сезіне алмаймын, сондықтан ойнағым келмейді. Қиын жағдайда адамдар жақындарының қасында болу керек. Маусым шегерілуі тиіс, өйткені қиын-қыстау заман келді", - деп жазған еді футболшы Instagram желісінде.

Turkish Football ақпаратынша, Микел келісімшарт үзілгеніне байланысты ешқандай өтемақы алмайды және барлық бонустардан өз еркімен бас тартқан. Футболшы отбасымен Англияға оралмақ.
Жаңалықтар